1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын
мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 1014 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi Комиссия) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын Комиссияның қарауына ұсынсын және оны бiр ай мерзiмде белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi он күн мерзiмде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегі тиiстi өңiрлiк комиссияларды құрсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қазандағы
N 1014 қаулысына
қосымша
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын
мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрайым
Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Мұхтар Қапашұлы министрi, төрайымның орынбасары
Тимошенков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Виктор Аркадьевич министрлiгi Штабтар бастықтары
комитетiнiң Тәрбие және психологиялық